Бұл кіріс аударымдарының мақсатына байланысты:
Кәсіпкерлік
Kaspi Gold жеке тұлғалардың жеке мақсаттарына арналған, ол кәсіпкерлік қызметке арналмаған. Егер Kaspi Gold-қа тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлем алсаңыз, бұл соманы салық есебінде табыс ретінде көрсетуіңіз керек.
Заңнаманың талаптарын сақтап, жеке қаражатыңыз бен бизнесіңіздің ақшасын бөлу үшін төлемді кәсіпкерлік шотыңызға, мысалы Kaspi Pay-ге алғаныңыз дұрыс.
Жеке
Жеке тұлғалар сізге Kaspi Gold-қа жеке мақсатта аударымдар жібере алады.
Салық органы кіріс аударымының мақсаты туралы ақпарат сұратса, оның кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс еместігін дәлелдеуіңіз керек. Мысалы, ақша жөнелтушімен туыстық байланысыңызды растауыңыз керек немесе соманы қайтаруға негіз болған борыштық қолхатты көрсетуіңіз керек.