Барлық банктер тоқсан сайын кәсіпкерлік қызмет белгілері болған кезде клиенттердің банктік шоттарына жасалған аударымдар туралы деректерді мынадай өлшемшарттар бойынша беруге міндетті:
Саны Әртүрлі адамдардан айына
100-ден астам аударым
Ұзақтығы 3 ай қатарынан Осы мерзімдегі жалпы сома 1 020 000 теңгеден көп Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 698 бұйрығы
Мысал
Клиент үш айдың ішінде осындай аударымдарды алды:
Ай Әртүрлі адамдардан жасалған
аударымдар саны
Аударым сомасы Қаңтар 105 200 000 Ақпан 105 500 000 Наурыз 110 400 000 Барлығы 1 100 000 Заңнаманың талабы бойынша кез келген банк осы адамның шоттарына түскен ақша сомасы туралы ақпарат беруі керек.
ҚР Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағының 24-тармақшасы
Егер тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлемді Kaspi Gold-қа алсаңыз, бұл соманы салық есебінде кіріс ретінде көрсетуіңіз керек.
Заңнаманың талаптарын сақтау және жеке қаражат пен бизнестің ақшасын бөлу үшін төлемді кәсіпкерлік шотқа алғаныңыз жөн.
Kaspi Pay қосымшасында осындай шотты тегін аша аласыз, сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны қоса аласыз.
Жаңартылды 29.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Құқықтық сұрақтар