Шарттар
«Аударым» — Kaspi.kz қосымшасындағы қарапайым әрі қауіпсіз сервис. Оның көмегімен жақындарыңыз бен достарыңызға лезде ақша жібере аласыз, сондай-ақ өз шоттарыңыздың арасында ақша аудара аласыз. Бұл үшін бір-екі рет смартфонды басып қалу жеткілікті.
Алушыны байланысушы тұлғалар тізімінен таңдауға, телефон нөмірі бойынша табуға немесе оның карта нөмірін енгізуге болады.
Барлық операция тарихта сақталады. Сіз кімге және қанша ақша жібергеніңізді кез келген уақытта көре аласыз.
Өз шоттарыңыздың арасында және бір Kaspi Gold-тан екіншісіне ақша аудару әрдайым тегін.
Жаңартылды 17.09.2026Қолданушылардың 80% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?