Kaspi Терминалда авторизациядан өтіңіз. Мұны үш тәсілдің кез келгенімен орындауға болады:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Терминалдың экранында QR-кодты сканерлеңіз.
- Kaspi-дің кез келген картасын салыңыз.
- ЖСН енгізіңіз.
Содан кейін экрандағы нұсқаулықты орындаңыз.
Назар аударыңыз: терминал, ақша қайтармайды. Барлық сома Kaspi Red шотын төлеуге кетеді. Егер шотта көрсетілгеннен көп салсаңыз, қалдық ақша келесі айда ескеріледі.
Мысалы:
Ай сайынғы шоттың сомасы — 15 000 теңге.
Сіз 20 000 теңге саласыз.
Келесі шотта сома 5 000 теңгеге аз болады = 10 000 теңге.
Төлегеннен кейін сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасына электрондық чегі бар хабарлама келеді. Оны смартфоныңызға орнатылған мессенджер және электрондық пошта арқылы жүктеуге немесе жіберуге болады.
Электрондық чектің қағаз чек сияқты заңды күші бар.
Шоттар мен Kaspi Red-пен сатып алу туралы барлық ақпаратты кез келген уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында қарай аласыз.