Деректерді кездейсоқ қате жазып қоюыңыз мүмкін емес: жүйе енгізілген ЖСН тексеріп, қате деректерге төлем жасауға мүмкіндік бермейді. Қате нөмірді жазғаннан кейін қате деген хабарлама аласыз.
Егер бөтен адамның ЖСН жазып қойып, оның атына төлем кетіп қалса, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңына сәйкес, ақшаны тек сол адамның жазбаша келісімімен ғана алуға болады.
Кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне жүгініп, өтініш жазыңыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді және Kaspi.kz қосымшасы жүктелген мобильді телефоныңызды ала барыңыз. Сізге көмектесуге тырысамыз.