Смартфоныңыздың экранындағы жиектемеге QR-кодтың тұтастай сыйып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Телефонның баптауларында Kaspi.kz қосымшасына камераны пайдалануға рұқсат берілген-берілмегенін тексеріңіз.
- Android үшін:
Телефонның баптауларында Қосымшалар → Kaspi.kz → Рұқсаттар→ Рұқсат беру бөлімін ашыңыз.
- iPhone үшін:
Телефонның баптауларында Құпиялылық → Камера → Kaspi.kz→ Рұқсат беру бөлімін ашыңыз.
Егер бұл көмектеспесе, сіз авторизациядан өтудің басқа тәсілдерін — картаны салу не ЖСН енгізу тәсілін пайдалана аласыз.