IMEI-кодты өзіңіз мына жерлерден тексере аласыз:
Тексеру үшін телефонның IMEI-коды қажет. Оны мына жерден таба аласыз:
Kaspi.kz қосымшасында
Тапсырысты алмас бұрын сізге IMEI-код жазылған хабарлама келеді.
ҚаптамадаҚораптың артқы немесе бүйір жағында.
Баптауда
iOS: Баптау → Негізгі → Осы құрылғы туралы → IMEI
Android: Баптау → Құрылғы туралы → IMEI
Сервистік кодтың көмегімен
Телефонда *#06# теріңіз — IMEI экранда көрсетіледі.
Егер код анықталмаса, сіз тауарды қайтара аласыз. «Тапсырыстарым» деп өтіңіз, қажетті сатып алған затты таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз. Себебін «IMEI тексеруден өткен жоқ» деп көрсетіңіз, сондай-ақ, телефонның қорабындағы барлық кодтың фотосуреттерін тіркеңіз.
Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында бізге Kaspi Гид-пен Чатқа жазыңыз. Біз міндетті түрде шара қолданамыз.
Назар аударыңыз: Kaspi.kz қосымшасы біртіндеп жаңартылады. Жаңартылды 26.08.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарды алу