Мұны жасаудың бірнеше тәсілі бар:
Қаптамада
Қораптың артқы немесе бүйір жағында.
Баптауда
iOS: Баптау → Негізгі → Осы құрылғы туралы → IMEI
Android: Баптау → Құрылғы туралы → IMEI
Сервистік кодтың көмегімен
Телефонда *#06# теріңіз — IMEI экранда көрсетіледі.
IMEI тексеру үшін Мемлекеттік қызметтер → Смартфонды тексеру сервисіне өтіңіз. Содан кейін IMEI-кодты енгізіңіз.
Егер код анықталмаса, сіз тауарды қайтара аласыз. «Тапсырыстарым» деп өтіңіз, қажетті сатып алған затты таңдап, «Қайтаруды ресімдеу» деп басыңыз. Себебін «IMEI тексеруден өткен жоқ» деп көрсетіңіз, сондай-ақ, телефонның қорабындағы барлық кодтың фотосуреттерін тіркеңіз.
Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында бізге Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Біз міндетті түрде шара қолданамыз.Жаңартылды 20.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарды алу