Сатып алған заттың ақысын қазақстандық кез келген банктің Visa немесе MasterCard картасымен төлей аласыз.
Ол үшін төлеу тәсілін таңдағанда «Басқа банктің картасы» деп басыңыз. Оны сканерлеңіз немесе нөмірді, қолданылу мерзімін және иесінің атын қолмен енгізіңіз. Содан кейін CVV көрсетіңіз — бұл артқы жағындағы 3 сан. Картаның деректемелері сақталады, оларды сатып алған сайын қайта енгізудің қажеті жоқ.
Kaspi.kz қосымшасында сатып алған зат туралы ақпарат жазылған хабарлама келеді. Содан кейін бір сағаттың ішінде сатушы тапсырысты растайды. Осыдан кейін егер сіз өз алып кетуді таңдасаңыз, дүкенде тауарды ала аласыз. Kaspi Магазин жеткізу үшін – курьерді көрсетілген мекенжай бойынша күтіңіз немесе тапсырысты ол түскеннен кейін үш күннің ішінде Kaspi Postomat-тан алып кетіңіз.
Назар аударыңыз: Kaspi.kz қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 13.08.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарды алу