Маған Kaspi.kz-тен-мыс деп сілтеме жіберді. Бұл алаяқтар еместігін қалай тексереді?
Жаңартылды
11.12.2024
Kaspi.kz сауалнамалар өткізбейді және жаппай хабарламалар таратпайды.
Kaspi.kz-тен конкурстар мен жүлделердің ұтыс ойындары тек компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында және Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында өтеді. Онда баннер орналастырылады, ал Ұтыс ойынына қатысатын тауарлар тиісті белгішелермен белгіленеді.
Барлық қажетті хабарламалар Kaspi.kz мобильді қосымшасындакеледі.
Тіркеу, төлемді немесе аударымды растау кодтары, PIN-код және шоттың деректемелері әрдайым «kaspi.kz» атынан SMS-пен келеді.
Өнімдер мен сервистердегі өзгерістер туралы, сондай-ақ басқа да жаңалықтар туралы біз әлеуметтік желілердегі Kaspi.kz-тің ресми парақшаларында және «Гид» сервисінде хабарлаймыз.
Назар аударыңыз: Kaspi.kz қызметкерлері ешқашан картаның фотосуретін немесе деректерін, SMS-тегі растайтын кодты, жеке кабинеттің кодын сұрамайды.
Егер сіз алаяқтарға тап болдым деп күдіктенсеңіз, «Алаяқтық туралы хабарлауАлаяқтық туралы хабарлауАлаяқтық туралы хабарлау» үлгісін толтырыңыз. Біз міндетті түрде шара қолданамыз.
Алаяқтық туралы хабарлау
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
Жауап пайдалы болды ма?