Келесі шарттарды тексеріңіз:
смартфонда фронталды камера жұмыс істеп тұр.
Егер жұмыс істемесе, мынаны жасап көріңіз:
телефонды қайта жүктеңіз;
фотоанықтаудан басқа құрылғыда өтіңіз;
жөндеу үшін сервистік орталыққа хабарласыңыз.
- қосымшада камераға рұқсат бар.
Android: «Қосымшалар» бөлімін ашыңыз: Kaspi.kz → Рұқсаттар → Рұқсат ету.
iOS: «Құпиялылық» бөлімін ашыңыз: Камера→ Kaspi.kz → Рұқсат ету;
- үй-жай жақсы жарықтандырылған.
Жарықтың бетіңізге біркелкі, көлеңкесіз және сәулесіз түсіп тұрғанына көз жеткізіңіз;
- смартфон бетіңізге тура қарама-қарсы орналасқан, бетіңіз экрандағы сопақшаға толық сыйып тұр, көзіңіз камераға қарап тұр, ал артыңызда басқа адамдар жоқ;
- камерада шаң, кір, дақ жоқ;
- сізде Kaspi.kz қосымшасының жаңартылған нұсқасы орнатылған.
Егер бұл талаптар орындалса, бірақ әлі де фотоанықтаудан өте алмасаңыз, жеке куәлігіңізбен Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесіне баруыңыз керек.
Жаңартылды 27.01.2026Қолданушылардың 75% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Алу