Kaspi Банкоматта авторизациядан өтіңіз. Мұны үш тәсілдің кез келгенімен орындауға болады:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасыKaspi.kz мобильді қосымшасыKaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы.
Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранында QR-кодты сканерлеңіз.
- Kaspi Gold картасын салыңыз немесе жақындатыңыз.
Содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Купюраларды купюра қабылдағышқа қаттап, қыстырғышсыз, қысқышсыз салу керек, оларды бір-бірлеп салудың қажеті жоқ.
Назар аударыңыз: банкомат ақша қайтармайды. Барлық сома Kaspi Red шотын төлеуге кетеді. Егер шотта көрсетілгеннен көп салсаңыз, қалдық ақша келесі айда ескеріледі.
Төлегеннен кейін сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасына электрондық чек бар хабарлама келеді. Оны смартфоныңызға орнатылған мессенджермен және электрондық поштамен жіберуге немесе жүктеуге болады.
Электрондық чектің қағаз чек сияқты заңды күші бар.
Шоттар мен Kaspi Red-пен сатып алу туралы барлық ақпаратты кез келген уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасында қарай аласыз.