Шотты төлеу
  • Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады:

     

    Kaspi.kz қосымшасында

    Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Red+ → Әрекеттер сервисін ашыңыз. «Сатып алуларды мерзімінен бұрын өтеу» батырмасын басып, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.

     

    Ақша Kaspi Gold-тен есептен шығарылады. Сатып алуға қолжетімді сома төлем жасалғаннан кейін бірден қалпына келеді.

     

    Kaspi Банкомат немесе Kaspi Терминал арқылы

    Ол үшін құрылғыда үш тәсілдің бірімен авторизациядан өтіңіз:

    • Kaspi QR сервисін ашып, экрандағы QR-кодты сканерлеңіз;
    • Kaspi Gold картасын салып немесе жақындатыңыз;
    • ЖСН енгізіңіз.

     

    «Мерзімінен бұрын өтеу» батырмасын басып, ақшаны купюра қабылдағышқа салыңыз.

     

    Назар аударыңыз: терминалдар мен банкоматтар қайтарым ақша бермейді. Салынған соманың барлығы Kaspi Red+ арқылы жасалған сатып алуларды мерзімінен бұрын өтеуге жұмсалады. Егер шотта көрсетілген сомадан артық ақша салсаңыз, қалдық Kaspi Gold-қа түседі.

    Жаңартылды 01.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?