• Иә. Сіз аударымды валютамен ала аласыз.
     

    Ақша аударылған сәтте өзекті болатын Kaspi.kz-тің бағамы бойынша айырбасталады.
     

    Аударым 5 жұмыс күні ішінде түседі. Kaspi.kz қосымшасында сізге бұл туралы хабарлама келеді. 
     

    Комиссияның мөлшерін, ақшаның түсу мерзімін және аударым сомасына қойылатын шектеуді жөнелтуші-банк белгілейді.

    Kaspi.kz өзін-өзі жұмыспен қамтушының шотына ақша салғаны үшін комиссия алмайды.


    Ақша түскен кезде чек шығаруыңыз керек. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисіне → Өзін-өзі жұмыспен қамтушының шоты → Көшірме деп өтіңіз, қажетті аударымды таңдап, «Чек жасау» деп басыңыз. Содан кейін ол үшін төлем қабылдаған қызметті көрсетіп, әрекетті растаңыз. Чек автоматты түрде салық органына жіберіледі. Сондай-ақ оны смартфоныңызға орнатылған кез келген мессенджер немесе электрондық пошта арқылы клиентке жібере аласыз.

    Жаңартылды 22.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?