• Иә. Жеке тұлғалар мен компаниялар Kaspi.kz-тегі өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде ашылған  шотыңызға реквизиттер бойынша ақша аудара алады.

     

    Ол Kaspi.kz қосымшасында қолжетімді: «Жеке Банк» → Өзін-өзі жұмыспен қамтушының шоты →Ақпарат→ Шоттың реквизиттері.  Деректерді көшіріп алуға немесе смартфоныңызға орнатылған мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

    Ақша түскен кезде чек беруіңіз керек. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы «Жеке Банк» сервисіне → Өзін-өзі жұмыспен қамтушының шоты → Көшірме деп өтіңіз, қажетті аударымды таңдап, «Чек жасау» деп басыңыз. Содан кейін ол үшін төлем қабылдаған қызметті көрсетіп, әрекетті растаңыз. Чек автоматты түрде салық органына жіберіледі. Сондай-ақ оны смартфоныңызға орнатылған кез келген мессенджер немесе электрондық пошта арқылы клиентке жібере аласыз.

    Жаңартылды 22.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?