Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам табысынан мынадай аударымдар мен жарналарды төлейді:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1%;
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) — 1%;
- әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС) — 1%.
Төлеу мерзімі — есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 25-іне дейін.
Мысалы, қазан айындағы табыс үшін төлемді 1–25 қараша аралығында жасау керек.
Төлем кешіктірілсе, әр күн үшін өсімпұл есептеледі.
Назар аударыңыз: егер белгілі бір айда табыс болмаса, аударымдар мен жарналарды төлеудің қажеті жоқ.
Жаңартылды 27.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Салық