• Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам табысынан мыналарды төлейді:

     

    міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — 1%;

    жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) — 1%;

    әлеуметтік аударымдар (ӘА) — 1%, 7 ең төменгі жалақының (ЕЕЖ) 1%-ынан аспайды;

    міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА) — 1%.

     

    Төлеу мерзімі — әр айдың 25-іне дейін, алдыңғы ай үшін.

    Мысалы, ақпан айы үшін аударымдар мен жарналарды 1–25 наурыз аралығында төлеу керек.

     

    Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

     

    Назар аударыңыз: егер ай ішінде табыс болмаса, аударымдар мен жарналарды төлеудің қажеті жоқ.

    Жаңартылды 02.03.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?