• Бұл клиент төлеген сомаға байланысты:


    сатып алған заттың құнынан аз төлесе

     

    Клиенттен QR-кодты қайтадан сканерлеп, жетіспейтін соманы төлеуін өтініңіз.

     

    сатып алған заттың құнынан көп төлесе

     

    Kaspi.kz қосымшасында қайтаруыңыз керек. Ол үшін Қызметтер → Өзін-өзі жұмыспен қамтушы → Kaspi QR-мен төлем қабылдау деп ашып, мына тәсілдердің біреуін таңдаңыз.

     

    «Қайтару» бөліміне өтіңіз:

    •   Сатып алушыдан QR-кодты сканерлеуін өтініңіз;

    •   Сатып алған затты, содан кейін «Қайтаруды ресімдеу» деп таңдаңыз.    

    •   Әрекетті растаңыз.

     

    «Тарих» бөліміне өтіңіз:

    •    Сомасы мен сатып алушының аты бойынша іздеуді немесе «Kaspi QR» сүзгісін пайдаланыңыз; 

    •    Сатып алған затты, содан кейін «Қайтаруды ресімдеу» деп таңдаңыз.

     •   Соманы енгізіп, «Қайтару» деп басыңыз.
     

    Ақша сатып алушыға бірден түседі.

    Жаңартылды 10.03.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?