• Бұл сіздің қызмет санатыңызға байланысты:

     

     

    Жеке такси

    Қызметтер → Өзін-өзі жұмыспен қамтушы → Kaspi QR-мен төлем қабылдау деп ашыңыз, соманы енгізіп, «Төлемді қабылдау және чек беру»деп басыңыз. Тізімнен қажетті қызметті таңдап, сатып алушыдан QR-кодыңызды сканерлеуін өтініңіз. Төлегеннен кейін ақша бірден өзін-өзі жұмыспен қамтушының шотына түседі.

     

    Егер клиенттің қолма-қол ақшасы болса, QR-код көрсетілген экрандағы «Төлемді қолма-қол қабылдау» дегенді басып, әрекетті растаңыз. 

     

    Чек Kaspi.kz немесе Kaspi Pay қосымшасында клиентке, сондай-ақ заңнаманың барлық талаптары орындалуы үшін салық органына жіберіледі.

     

     

    Сервистік такси 
    Мысалы, Yandex Go, InDrive

    Қызметтер → Өзін-өзі жұмыспен қамтушы → Kaspi QR-мен төлем қабылдау деп ашыңыз, соманы енгізіп, «Төлемді қабылдау және чек беру» деп басыңыз. «Сервистік такси қызметі» деп таңдап, сатып алушыдан QR-кодыңызды сканерлеуін өтініңіз. Төлегеннен кейін ақша бірден өзін-өзі жұмыспен қамтушының шотына түседі.

     

    Агрегатор-сервистер чекті пайдаланушыларға платформаларында және мемлекеттік органдарға өздері ұсынады. Kaspi.kz қосымшасында ол жасақталмайды.

     

    Жаңартылды 05.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?