• Оны өзіңіз жіберудің қажеті жоқ. Төлем қабылданғаннан кейін сервис бірден электрондық чектерді автоматты түрде жасақтап, оларды Kaspi.kz немесе Kaspi Pay қосымшасында сатып алушыларға, сондай-ақ заңнаманың барлық талаптары орындалуы үшін салық органына жібереді.

     

    Оған сервистік такси қызметі қосылмайды. Егер сервистік такси қызметі үшін төлемді қабылдасаңыз — мысалы, Yandex Go немесе InDrive-пен жұмыс істесеңіз, Kaspi.kz қосымшасында чектер жасалмайды. Мұндай агрегатор-сервистер оларды пайдаланушыларға платформаларында және мемлекеттік органдарға өздері ұсынады.

     

    Қажет болса, чекті клиентке өзіңіз де жібере аласыз. Ол үшін Қызметтер → Өзін-өзі жұмыспен қамтушы → Kaspi QR-мен төлем қабылдау → Тарих → Төленді бөліміне өтіңіз. Қажетті сатып алған затты таңдаңыз, «Чекті клиентке жіберу» деп басып, оны кез келген мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жіберіңіз.

    Жаңартылды 05.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?