Бұл — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимі бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтарға кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін ашылатын арнайы шот. Яғни, өзіңізге өзіңіз жұмыс істейсіз: ЖК ретінде тіркелмейсіз және қызметкерлерді жалдамайсыз. Мысалы, такси жүргізсеңіз, курьер болсаңыз, репетиторлық етсеңіз, клининг жасасаңыз немесе техниканы жөндесеңіз, қызметіңіз үшін төлемді өзін-өзі жұмыспен қамтығанның шотына қабылдай аласыз. Бұл шот заң талаптарын сақтауға және бизнес кірісін жеке аударымдардан бөлек жүргізуге көмектеседі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығанның шотын Kaspi.kz қосымшасында онлайн оңай ашуға болады. Бұл — тегін.
Шот ашылғаннан кейін бірден клиенттерден төлем қабылдай аласыз: Kaspi QR арқылы, қашықтан немесе қолма-қол. Ақша өзін-өзі жұмыспен қамтығанның шотына бірден түседі.
Төлем қабылданғаннан кейін электронды чектер қалыптасады. Сізге ештеңе істеудің қажеті жоқ: олар автоматты түрде клиенттерге Kaspi.kz немесе Kaspi Pay қосымшасына, сондай-ақ салық органына жіберіледі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығанның шотынан ақшаңызды шектеусіз өз Kaspi Gold-ыңызға немесе Kaspi Депозитіңізге аудара аласыз.
«Менің Банкым» сервисіндегі үзіндіде шот бойынша барлық операциялар көрсетіледі. Әр операция бойынша Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді.
Жаңартылды 04.02.2026Қолданушылардың 98% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттар