Шоттарға тыйым салу
Жоқ. Егер шоттарыңыздың кез келгеніне тыйым салынса немесе басқа шектеулер қойылса, өзін-өзі жұмыспен қамтығанның шотын ашу мүмкін емес.
Тыйым салынудың негізгі 3 себебі бар:
- мемлекеттік органның алдындағы міндеттемелерді орындамау, мысалы, салық бойынша берешек;
- мерзімі өткізілген кредит не банктердің алдындағы басқа да міндеттемелер;
- сот актісі немесе қаулысы негізінде.
Тыйымды кім қойғанын Kaspi.kz қосымшасынан немесе мемлекеттік органдардың сайттарынан біле аласыз:
Шектеулер алынғаннан кейін Kaspi.kz қосымшасында өзін-өзі жұмыспен қамтығанның шотын аша аласыз.
Жаңартылды 11.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?