Иә. Тіпті Kaspi Gold картаңыздың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, Қырғызстанда Kaspi QR сервисі арқылы сатып алған заттың ақысын төлей аласыз.
Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Kaspi QR сервисін ашып, сатушының QR-кодын сканерлеңіз.
Соманы енгізіп, сатып алғаныңызды растаңыз.
Сатып алған заттың ақысы соммен төленеді. Қажетті ақша сомасы автоматты түрде айырбасталып, төлеген сәттегі өзекті бағам бойынша Kaspi Gold-тан теңгемен есептен шығарылады. Айырбастау бағамы, сомдағы және теңгедегі сома сатып алуды растау алдында көрсетіледі.
Назар аударыңыз: 2025 жылғы 19 қаңтардан бастап карта алған немесе оны қайта шығартқан бейрезиденттер үшін Kaspi Gold-тың қолданылу мерзімі — 1 жыл. Карта мен Kaspi.kz сервистерін ары қарай пайдалану үшін картаны бөлімшеде қайта шығару қажет.
Жаңартылды 26.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Зат сатып алу