• Жоқ. Егер картаның қолданылу мерзімі өтіп кетсе, Google Pay арқылы Kaspi Gold-пен сатып алу ақысын төлеуге болмайды. Kaspi Gold картасын қайта шығаруыңыз керек. Оны қайта шығарудың бірнеше жолы бар:

     

    Қазақстанда тұру ықтиярхатымен (ТЫ)

    Kaspi Gold картасын кез келген Kaspi Kartomat-та немесе Kaspi.kz қосымшасында қайта шығарыңыз. Бұл тегін.

     

    Қолданылу мерзімі аяқталған Kaspi Gold картасымен сіз:

     

    • шот нөмірі бойынша жалақы, зейнетақы және басқа да аударымдарды ала аласыз;
    • Kaspi Банкоматтар мен Kaspi Терминалдарда ЖСН және QR-код бойынша Kaspi Gold-қа ақша сала аласыз;
    • Kaspi.kz-тегі Төлемдерде 10 000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлей аласыз;
    • Kaspi Travel-де ұшақ және теміржол билеттерін сатып ала аласыз;
    • Kaspi.kz-те кредиттерді өтей аласыз;
    • Kaspi.kz қосымшасында өз шоттарыңыздың арасында, Kaspi клиенттеріне және басқа банктердің карталарына ақша аудара аласыз;
    • Kaspi Банкоматтарда ЖСН немесе QR-код бойынша ақша ала аласыз;
    • Kaspi Магазинде, Kaspi.kz серіктестерінде QR-код арқылы және басқа елдерде Alipay+ сервисі арқылы сатып алу ақысын төлей аласыз.

     

    ТЫ-сыз

    Kaspi.kz бөлімшесінде менеджер арқылы картаны қайта шығара аласыз. Өзіңізбен бірге шетелдік паспорттың түпнұсқасы және Қазақстанда болудың негізділігін растайтын құжаттардың бірі болуы керек:

     

    • виза;

      соның ішінде электрондық виза;

    • болу туралы хабарлама;
    • уақытша тұруға рұқсат (УТР);
    • оқу орнынан анықтама;
    • аккредиттеу куәлігі;

      дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және басқа да ұйымдардың қызметкерлері үшін;

    • еңбек қызметін жүзеге асыруға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
    • Қандас куәлігі;
    • ҚР-дан пана іздеуші тұлғаның куәлігі.

     

    Ресей, Түркия, Қытай және ЭЫДҰ-ға мүше басқа елдердің азаматтары паспортын, салық нөмірін (СН/TIN) және азаматтығы бар елдегі нақты тұратын мекенжайын ұсынуы қажет. Толығырақ — ЭЫДҰ жадынамасында.

     

    Егер Сіз АҚШ азаматы бослаңыз, FATCA жадынамасымен танысыңыз.

     

    ТЫ жоқ шетелдіктер үшін 1 жылға арналған атаусыз пластикалық Kaspi Gold шығарылады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін картаны қайта шығару қажет.

     

    «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулы»

     

    Назар аударыңыз: егер Қазақстан бейрезиденті картаны 2025 жылғы 19 қаңтарда немесе одан кейін шығарса, Kaspi Gold 1 жыл қолданылады.

    Жаңартылды 09.11.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?