Иә. Kaspi Gold картасының қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, сіз Alipay+ сервисі арқылы шетелде сатып алу ақысын төлей аласыз.
Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында Қызметтер → Alipay+ деп ашыңыз.
Сатып алу ақысын екі жолмен төлеуге болады:
- сатушының QR немесе штрих-кодын сканерлеңіз;
- өз QR-кодыңызды сатушыға көрсетіңіз немесе оны сканерге жанастырыңыз.
Төлем сомасы смартфоныңыздың экранында пайда болады. Сізге сатып алуды растау ғана қалады.
Сатып алу үшін төлем сіз зат сатып алған елдің валютасында өтеді. Қажетті сома автоматты түрде айырбасталады және төлеу сәтінде өзекті бағам бойынша Kaspi Gold шотынан теңгемен есептен шығарылады. Айырбастау бағамы, валютадағы сома және теңгедегі сома сатып алуды растау алдында көрсетіледі.