• Бірнеше себебі болуы мүмкін: 
     

    • сіз Alipay+ сервисі жұмыс істемейтін елде немесе аймақта жүрсіз.
      55 елде және өңірде сатып алған заттың ақысын Alipay+ сервисі арқылы төлеуге болады. Толық тізімді мына құжаттан көре аласыз.

     

    • интернет баяу немесе қосылмаған.

      Wi-Fi-ға қосылғаныңызды немесе мобильді интернетті пайдалансаңыз, трафиктің қалдығын тексеріңіз. VPN-ді өшіріңіз – ол интернетке қосу жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

       

    • телефоныңызда орналасқан жерді анықтау функциясы өшірілген.

      Оны мобильді телефонның баптауында қосыңыз.

      Android: Настройки → Местоположение или Локация деп өтіңіз.

      iOS: Настройки → Конфиденциальность и безопасность → Службы геолокации деп ашыңыз.

       

    • Kaspi.kz қосымшасына қайда орналасқаныңызды анықтауға тыйым салғансыз.

      Kaspi.kz-ке геопозицияға қолжеткізуге рұқсат етіңіз.

      Android: құрылғының баптауына өтіңіз. Қосымшалар тізімінен Kaspi.kz → Разрешения → Ещё → Все разрешения деп таңдаңыз.

      iOS: Настройки → Kaspi.kz → Геопозиция → При использовании приложения деп ашыңыз.

     

    Осыдан кейін сатып алған затыңыз ақысын қайта төлеп көріңіз. Егер сервис әлі де жұмыс істемесе, бізге Kaspi Гидпен Чатқа жазыңыз. Көмектесуге тырысамыз.

     

    Назар аударыңыз: сіз көлікте болғанда геопозицияны анықтау тұрақты жұмыс істемеуі мүмкін.

     

    Жаңартылды 08.12.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?