• Төлемнің өтпеуінің ықтимал себептері:

     

    • интернетте сатып алуға рұқсат жабық немесе сатып алған заттың құны лимиттен асып кеткен.
      Рұқсатты ашу немесе сәйкес лимитті таңдау үшін «Жеке Банк» сервисіне өтіп, Kaspi Gold → Әрекет → Интернеттен сатып алу деп таңдаңыз
       
    • қаражат жеткіліксіз.
      Kaspi Gold-қа ақша салып, төлемді қайталаңыз;
       
    • картаның мерзімі өтіп кеткен.
      Картаның оң жағындағы жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Егер оның мерзімі өтіп кетсе, Kaspi Gold картасын Kaspi Картоматта 60 секундта қайта шығара аласыз. Тек ұялы телефон қажет болады;
       
    • картаның деректемелері қате енгізілген.
      Картаның нөмірін, иесінің аты мен тегін, жарамдылық мерзімін, CVV-кодын Kaspi.kz мобильді қосымшасында көруге және көшіруге болады: «Жеке Банк» → Kaspi Gold → Ақпарат → Карта мен шоттың реквизиттері.
       
    • құмар ойындарды төлеуге әрекет жасап жатырсыз.
      Қазақстанда Kaspi Gold-тан ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиясы жоқ онлайн-казиноның, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың пайдасына төлем жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ, заң бойынша 21 жасқа дейін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға болмайды.


    ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағы

    ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағы

     

    • сіз криптовалюта сатып алып жатырсыз.
      Компанияның Қазақстанда қызмет ету құқығына лицензиясы болмаса, Kaspi Gold-тан  криптовалюта  сатып алуға тыйым салынады. Заң «Астана» халықаралық қаржы орталығының (MFTSA) лицензиясы бар компанияларға ғана цифрлық активтермен қамтамасыз етілген операцияларға рұқсат береді.
       

    «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңның 8-бабы


    Егер себептердің біреуі де расталмаса, Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Гид-пен чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

     

    Жаңартылды 26.02.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?