Kaspi.kz мобильді қосымшасында бөгде сервиске ақшаны алуға рұқсат еттім, бірақ төлем түспеді. Неге?
Жаңартылды
09.12.2024
Бірнеше себебі болуы мүмкін:
Kaspi Gold-та ақша жеткіліксіз. Kaspi Gold -қа ақша салып, төлемді қайталаңыз.
интернетте зат сатып алу үшін қолжетімділік жабық немесе сатып алу сомасы лимиттен асып кетеді. Қолжетімділікті ашып, қажетті лимитті таңдау үшін, Жеке Банк сервисіне өтіп → Kaspi Gold →Әрекет → Интернетте төлеу деп өтіңіз.
Құмар ойындарды төлеуге әрекет жасап жатырсыз. Қазақстанда Kaspi Gold-тан ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиясы жоқ онлайн-казиноның, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың пайдасына төлем жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ, заң бойынша жиырма бір жасқа дейін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға болмайды.