• Жоқ. Kaspi.kz-пен жасалған шарт бойынша Kaspi Gold-тан қолма-қол ақшаны шоттың иесі ғана ала алады.

     

    Егер мұны басқа адамның жасағанын қаласаңыз, Kaspi.kz қосымшасында оған ақша аударыңыз. Осыдан кейін ол кез келген Kaspi Банкоматта өз Kaspi Gold-ынан қолма-қол ақша ала алады.

     

    Алаяқтардың құрбаны болмау үшін және ақшаңызды жоғалтып алмау үшін қарапайым ережелерді орындаңыз:

     

    • өзіңіз сенетін адамдарға ғана ақша аударыңыз;

    Банктердің, құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері Kaspi Gold-тағы қолжетімді сома туралы және оларға ақша аударуды сұрамайды.

     

    • ақшаны алушыны көрсеткенде мұқият болыңыз.

    Егер қателесіп ақшаны басқа адамға жіберсеңіз,  заң бойынша аударымды тек алушының келісімімен немесе сот шешімімен ғана қайтаруға болады.

     

    «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның 25-бабының 14-т.   

    Жаңартылды 19.09.2025

    Қолданушылардың 80% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?