Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін:
- Сіз Kaspi Gold картасын Kaspi.kz қосымшасында өзіңіз бұғаттадыңыз.
- Сіз Kaspi Gold картасын 9999 нөміріне қоңырау шалып өзіңіз бұғаттадыңыз.
Kaspi Gold картасын кез келген уақытта Kaspi.kz қосымшасында қайта ашуға болады: Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Gold → Картаны ашу.
- Kaspi Gold картаңызға шектеу қойылған.
Шоттағы тыйым салу немесе басқа шектеулер туралы толық ақпаратты Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Gold → Толығырақ бөлімінен көре аласыз.
Бұл ақпарат мемлекеттік органдардың сайттарындағы салық берешегі туралы мәліметтерде және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімінде де көрсетіледі.
- Сіз ҚР Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының тізіміне енгізілгенсіз.
Құқық қорғау органдары (ІІМ) алаяқтыққа ұқсас операциялар жасаған клиенттерді осы тізімге енгізеді.
Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция басқармасына (киберполицияға) жүгініңіз.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы №54 қаулысы.
- Картаңыздың деректері үшінші тұлғалардың қолына түсуі мүмкін немесе жүйе күмәнді операцияларды анықтаған. Мысалы, есептен шығару әрекеттері жиі қайталанған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қауіпсіздігіңіз үшін карта автоматты түрде бұғатталады.
Kaspi Gold картасын қайта шығаруды және карта деректерін күмәнді сайттарда енгізбеуді ұсынамыз.
Жаңартылды 12.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- Сіз Kaspi Gold картасын Kaspi.kz қосымшасында өзіңіз бұғаттадыңыз.
Қауіпсіздік