• Ешкімге Kaspi Gold-тың осы деректерін айтпаңыз:

     

    • картаның жарамдылық мерзімі;

    • үш таңбалы CVV-код;

    • ПИН-код;

    • карта иесінің аты-жөні;

    Kaspi.kz қосымшасына кіру, аударым жасау және басқа операцияларды растау кодтары.

     

    Егер біреу осы деректерді сұраса — ол алаяқ. Тіпті өзін Kaspi.kz қызметкері ретінде таныстырса да.

     

    Сенімді адамдарға Kaspi Gold-қа тіркелген телефон нөмірін немесе картаның 16 таңбалы нөмірін айтуға болады. Осы деректер арқылы басқа банктің картасынан сізге ақша жібере алады.

     

    Егер интернетте төлем жасасаңыз немесе ақша аударсаңыз, карта деректерін енгізер алдында сайттың мекенжайын тексеріңіз. Ол https:// деп басталуы керек — бұл қорғалған қосылым.

     

    Жаңартылды 05.03.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?