Сатып алудың күшін жою
Сатып алған заттың ақшасын қайтару сіз төлеу үшін пайдаланған тәсілге байланысты:
- Kaspi QR.
Тауарды сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Сатушы оны қайтарып алғаннан кейін смартфоныңыздағы Kaspi.kz қосымшасын ашыңыз. Сатып алудың күшін жою үшін сатушының кассадағы QR-кодын сканерлеңіз.
Сома 5 минутта Kaspi Gold-қа қайтарылады.
- интернетте
Сатушыға хабарласып, ақшаны қайтару туралы келісіңіз.
App Store мен Google Play-де сатып алу үшін өтінімді Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Gold → Ақылы сервистер мен жазылымдар бөлімінде ресімдеуге болады. Содан кейін қажетті операцияның жанындағы «Қайтаруды ресімдеу» дегенді басыңыз.Ақшаны қайтару мерзімі 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл банкке және сатушы пайдаланатын халықаралық төлем жүйелеріне байланысты.
- офлайн-дүкендерде
Сатып алғаннан кейін 14 күннің ішінде дүкенге төлемді растайтын чекпен хабарласыңыз.
- Kaspi Магазин мен Kaspi Travel
Kaspi.kz қосымшасында қайтаруға өтінімді ресімдеңіз. Қайтару мерзімін сатушы мен туроператор айқындайды.
- Kaspi.kz қосымшасында қашықтан төлеу шоты
Сатушыға хабарласып, тауарды кері жіберу туралы келісіңіз. Сатушы қайтаруды растағаннан кейін ақша бірден шотыңызға түседі.
Сізге сатып алудың күші жойылғаны және соманың кері қайтарылғаны туралы хабарлама келеді.
Ақшаны қайтару 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл банкке және сатушы пайдаланатын халықаралық төлем жүйелеріне байланысты.
Жаңартылды 04.06.2026Қолданушылардың 63% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- Kaspi QR.