Анықтамалар
Kaspi Gold шотының бар-жоғы туралы анықтаманы алудың бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасында.
Гид сервисіне өтіңіз → Анықтамалар → Kaspi Gold → Шоттың бар-жоғы туралы, құжаттың сізге қажетті тілін, кезеңді көрсетіп, «Жүктеу» деп басыңыз.
Анықтаманы басып шығару үшін оны смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен өзіңізге поштаға жіберіңіз.
Сондай-ақ анықтаманы «Жеке Банкте» алуға болады.
- Кез келген Kaspi.kz бөлімшесінде.
Жеке басты куәландыратын құжат пен мобильді телефон қажет болады.
Сондай-ақ Kaspi.kz бөлімшелерінде анықтаманы өзіңіз басып шығара аласыз. Ол үшін принтердегі QR-кодты сканерлеңіз, содан кейін «Шоттың бар-жоғы туралы (сомасыз)» анықтамасын таңдап, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.Анықтама әп-сәтте және тегін беріледі. Ол берілген күні жарамды.
Жаңартылды 10.11.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
- Kaspi.kz мобильді қосымшасында.