• Жоқ. Kaspi Gold-қа Kaspi.kz бөлімшесінің кассасы арқылы ақша салу мүмкін емес.

     

    Kaspi Gold-қа мынадай тәсілдермен:

     

    • Kaspi.kz-те Kaspi Депозиттен;
    • Kaspi Pay шотынан, егер сіз ЖК ретінде тіркелген болсаңыз;
    • Kaspi Терминалдар мен Kaspi Банкоматтар арқылы;
    • Kaspi.kz мобильді қосымшасында Қазақстанның кез келген банкінің картасынан аудару арқылы;
    • электрондық төлем сервистері, мысалы, Webmoney немесе Qiwi Kazakhstan арқылы;
    • кез келген банктің немесе картадан картаға аударуға болатын сервистің сайтында;
    • басқа банктің кассасы арқылы аударып, ақша сала аласыз.

     

    Банкаралық аударым кезіндегі шарттарды: комиссияны, мерзімді, сомаға қойылатын шектеуді жіберуші банк не сервис белгілейді.

     

    Kaspi Терминалда және Kaspi Банкоматтарда ЖСН бойынша, ақша салған кезде сомаға шектеу қойылады — күніне 500 000 теңге. Егер карта арқылы терминалда авторизациядан өтсеңіз, шектеу болмайды.

     

    Kaspi Gold-қа ақша салынғаны үшін Kaspi комиссия алмайды.

    Жаңартылды 27.06.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?