Ажыратқышы 3,5 мм тыңдауышты Kaspi Банкоматқа қосыңыз. Тыңдауышқа арналған ұя сол жақта, купюра салатын тесіктің үстінде орналасқан және тыңдауыштың тактильдік таңбасымен белгіленген.
Деректерді қауіпсіз сақтау үшін экран бірден сөнеді. Kaspi Банкомат қызмет көрсету тілін таңдауды ұсынады және таңдалған тілде кеңес береді.
Картаны салыңыз – оған арналған тесік оң жақта орналасқан және Брайль қарпімен жазылған.
Kaspi Банкоматты арнайы режимде пернетақтаның көмегімен басқаруға болады. Ондағы цифрлар телефондағыдай стандартты түрде орналасқан, «5» нүктемен белгіленген. Цифрлардың оң жағында бірқатар батырма бар: «Жою», «Қалпына келтіру», «Енгізу» – әрқайсысында тактильдік белгі бар.
Kaspi Gold-қа ақша салу үшін «2» деп басыңыз.
PIN-кодты енгізіңіз. Ақшаны купюра салатын тесікке түйреуішсіз әрі қысқышсыз бума күйінде салыңыз – ол сол жақта орналасқан, сондай-ақ Брайль қарпімен белгіленген. Kaspi Банкомат дыбыстық сигнал бергенде, картаны алыңыз.
Ақша шотқа түскенде сізге Kaspi.kz мобильді қосымшасында хабарлама келеді. Оны экраннан оқу функциясы арқылы тыңдауға болады.
Шотыңыздың күйін кез келген уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында тексеріп, Kaspi Gold-ыңыз бойынша толық ақпарат ала аласыз – ол да көрмейтіндер және нашар көретіндер үшін бейімделген және экрандық диктормен үйлеседі.