• Ақшаны салмас бұрын санап алыңыз.
     

    Банкоматта авторизациядан өтіңіз. Бірнеше тәсілі бар:

    • Kaspi Банкоматтағы Kaspi Alaqan камерасына алақанды жақындату;
       
    • егер Kaspi Gold Apple Pay-ге немесе Google Pay-ге қосылған болса, смартфонды Kaspi Банкоматтың оқу құрылғысына жақындату керек;

     

    • Kaspi.kz қосымшасы арқылы.

    Kaspi QR сервисін ашып, Kaspi Банкоматтың экранындағы QR-кодты сканерлеңіз;

     

    • ЖСН-іңізді енгізу.


    Купюраларды бумамен қыстырғышсыз әрі қысқышсыз салыңыз.  Банкоматтың экранындағы соманы тексеріп, «Шотқа түсіру» деп басыңыз.


    Ақша Kaspi Gold-қа бірден түседі. Kaspi.kz қосымшасында сізге бұл туралы хабарлама келеді.


    Қажет болса, ақша салуды тоқтатып, барлық ақшаңызды қайта алып алуыңызға болады.


    Назар аударыңыз: Kaspi Alaqan біртіндеп Қазақстанның барлық қаласында қолжетімді болады.

    Жаңартылды 30.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?