• Иә. Ол үшін:
     

    1. Басты бетте «Kaspi Gold ашу» деп басыңыз;
    Өтінімді Kaspi-дің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растаңыз.
    Сервис мобильді қосымшада күн сайын сағат 7:00-ден 21: 00-ге дейін қолжетімді.
    Kaspi Gold-ты тек ҚР резиденттері онлайн ресімдей алады. Қазақстанның бейрезиденттері құжаттарымен кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне  баруы тиіс.
     

    2. Сенімхатты ресімдеу керек. Ол:
     

    • Kaspi.kz клиентінің атына жазылуы және қол қоюшы өзі қойған қолмен және мөрлермен куәландырылуы тиіс;
    • оны өзіңіз ресімдегеніңіз туралы нотариустың куәландыру жазбасы болуы тиіс;
    • сенім жүктелген өкілге екінші деңгейдегі банктерде сіздің мүдделеріңізді білдіруге және банк картасын алуға немесе қайта шығаруға құқық беретініңіз туралы ақпаратты қамтуы тиіс;

     

    Егер сенімхат Қазақстаннан тысқары жерде ресімделсе, онда апостиль немесе консулдық заңдастыру болуы тиіс.
     

    3. Сенімхатты Kaspi.kz-те тіркеу керек;
    Сіз атына сенімхат ресімдеген адам кез келген бөлімшеге барып, құжатты менеджерге тапсыруға тиіс.
    Сондай-ақ сенім жүктелген өкілдің жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе паспорты қажет болады.
     

    4. Kaspi Картоматтан Kaspi Gold алу керек.

    Сенімхат Kaspi.kz бөлімшесінде тіркелгеннен кейін, сенім жүктелген адамға экранда «Kaspi Gold-ты алу» деп басып, карта иесінің атын таңдап, фотоанықтаудан өту керек.

    Жаңартылды 24.07.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?