• Жаңартылды 15.01.2021

    SMS алмауыңыздың бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • Kaspi.kz мобильді қосымшасында Push-хабарламалар қосылған.

    Операцияны растауға арналған SMS-кодтан, PIN-код пен шоттың реквизитінен басқа, өнімдеріңіз бойынша барлық хабарламаны тура қосымшадағы «Хабарлама» сервисінен көре аласыз.

     

    • Өнім бойынша Push-хабарлама өшірілген.

    Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Хабарламаны» ашыңыз. Өнім атауының жанында сызылған динамиктің суреті болса, экранға шығатын хабарламалар өшірілген. Бұл жағдайда қосымшаның «Хабарлама» сервисіндегі, ақпарат жаңартылады, бірақ Push-хабарлама смартфоныңыздың экранына шықпайды. Оны қосу үшін IOS-та оңнан солға қарай жүргізіңіз, Android-та бөлімді басып, ұстап тұрыңыз. Содан кейін қоңырау белгісін басыңыз.

     

    • Біз мына жағдайда SMS жібермейміз:

    • бонус есептеу,

    • Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде қызмет, ақысын төлеу,

    • Kaspi.kz-те кредит немесе Kaspi Red шотын төлеу,

    • Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырыс, ақысын төлеу,

    • шоттарыңыз бен Kaspi клиенті арасында, ақша аудару.

     

    Бұл хабарламалар тек Kaspi.kz мобильді қосымшасына келеді. Ақшаңызды бақылап қана қоймай, оның қауіпсіздігіне сенімді болу үшін қосымша орнатуға кеңес береміз.

     

    • Телефоныңыздың нөмірін ауыстырдыңыз.

    Телефон нөмірін Kaspi.kz мобильді қосымшасында өзгертуге болады.

    SIM-картаңыздың немесе смартфоныңыздың жады толып қалған.

    Жадын тазалап, телефонды қайта жүктеңіз.

     

     

    Телефон өшірілген немесе 24 сағат бойы байланыс аясынан тыс жерде болған.

    Телефон қазір қосылса, SMS келе бастайды.

     

    Қазақстаннан тыс жерде болып, роумингті қоспадыңыз.

    Телефон роумингте болмаса, SMS келмейді. Бұл қызмет қосылған-қосылмағанын және оның тарифін өзіңіздің ұялы байланыс операторыңыздан біле аласыз.

     

    Егер бұл себептер көмектеспесе, Сұрақ қою сілтемесі бойынша бізге жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Сұрағыңыз бар ма?
    Егер бұл себептер көмектеспесе, Сұрағыңыз бар ма? сілтемесі бойынша бізге жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.Егер бұл себептер көмектеспесе, Сұрағыңыз бар ма? сілтемесі бойынша бізге жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Қолданушылардың 91% жауапты пайдалы деді. Сізге жауап пайдалы болды ма?