Бірнеше себебі болуы мүмкін:
1. Қосымшада немесе телефон баптауында Push-хабарламалар өшірілген.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, «Баптауға» кіріңіз де, бұл опцияны қосыңыз.
2. Интернет-қосылыс жоқ.
Wi-Fi-ды немесе мобильді интернетті тексеріңіз, қосылғаннан кейін жаңа хабарламалар қосымшада келеді.
3. Өнім бойынша Push-хабарламалар өшірілген.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашыңыз.
Егер өнім атауының қасында сызылған динамиктің суреті болса, ол бойынша қалқымалы хабарламалар өшірілген.
Оларды қосу үшін iOS-та оның атауының бойынан оңнан солға қарай жүргізіңіз, Android-та оған басыңыз да, ұстап тұрыңыз. Сосын қоңырау белгісін басыңыз.
4. Мына жағдайларда Push-хабарламалар шықпайды:
• бонус есептеу;
• Kaspi QR-мен төлеу;
• Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде қызмет ақысын төлеу;
• Kaspi.kz мобильді қосымшасында кредит немесе Kaspi Red шотын төлеу;
• Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырыс ақысын төлеу;
• өз шоттарының арасында және Kaspi клиентіне ақша аудару.
Хабарлама бар-жоғын тексеру үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашыңыз.
Егер бірде-бір себебі расталмаса, Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Гид-пен ЧатқаKaspi Гид-пен ЧатқаKaspi Гид-пен Чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Kaspi Гид-пен Чат