Kaspi.kz-тің «Хабарламалар» сервисін толық өшіру мүмкін емес. Ақпарат не мобильді қосымшаға, не SMS-пен келеді.
Мобильді қосымшада жекелеген өнім бойынша экранға шығатын хабарламаны өшіре аласыз. Ол үшін «Хабарламалар» сервисін ашыңыз:
- iOS-та қажетті өнімді басып, оңнан солға қарай жүргізіңіз,
- Android-та өнімнің үстінен басып, ұстап тұрыңыз.
Содан кейін қоңырау белгісін басыңыз.
Бұдан кейін, ақпарат «Хабарламалар» сервисіне келгенімен экранға шығатын Push-хабарламалар смартфонның экранына шықпайды.
«Хабарламалар» сервисі тегін әрі оның көмегімен, ақшаңызды бақылап қана қоймай, оның қауіпсіздігіне сенімді болатыныңызға назар аударамыз.