Құқықтық сұрақтар
  • Иә. Заңнамаға сай банктер ҚР Ұлттық Банкіне пайдаланушылардың шоттары туралы техникалық ақпаратты: нөмірі, түрі, ашылған күні және т.б.  беруге міндетті.  Клиенттердің жеке деректері жасырын болып қалады — аты мен ЖСН шифрланады.

     

    ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы №26 қаулысы

     

    ҚР Ұлттық Банкі бұл деректерді мемлекет клиенттердің алдындағы міндеттемелердің қалай орындалатынын қадағалап, мәселелерге: мысалы, егер салымдар бойынша төлемдер кешіктірілсе, уақытында назар аударуы үшін жинайды. Сондай-ақ осы шаралардың арқасында, егер банк жұмысын тоқтатса, клиенттер шоттарға құқығын растай алады және ақшасын қайтара алады.

    Жаңартылды 04.07.2025

    Қолданушылардың 92% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?