Қайта шығару
  • Иә. Сізде шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтиярхаты (ТЫХ) болса немесе карта 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін шығарылса, Сіз Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold-ты пайдалана аласыз:

     

    • жалақы, зейнетақы, жәрдемақы мен шот нөмірі бойынша басқа да аударымды ала аласыз;
    • Kaspi Банкоматтарда және Kaspi Терминалдарда ЖСН мен QR-код бойынша Kaspi Gold-қа ақша сала аласыз;
    • Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде 10 000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлей аласыз;
    • Kaspi Travel-де ұшақ және т/ж билеттерін сатып ала аласыз;
    • Kaspi.kz-те кредит өтеп, Kaspi Red шотын төлей аласыз;
    • Kaspi.kz қосымшасында өз шоттарыңыздың арасында, Kaspi-дің клиенттеріне және басқа банктердің карталарына ақша аудара аласыз;
    • Kaspi Банкоматта ЖСН немесе QR-код бойынша ақша ала аласыз;
    • Kaspi.kz-тегі Магазинде, Kaspi.kz серіктестерінде QR-код бойынша және шетелде Alipay+ сервисі арқылы зат сатып ала аласыз.

     

    Қолжетімді емес:

     

    • бөгде сайттар мен сервистерде картаның нөмірі бойынша Kaspi Gold-қа ақша салу және аудару;
    • дүкендерде және интернетте пластик карта арқылы, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлем жасау;
    • басқа банктердің банкоматтарынан ақша алу.

     

    Тұруға ыхтиярхаты жоқ, 2025 жылғы 19 қаңтардан кейін Kaspi Gold алған резидент емес тұлғалар Kaspi.kz сервистерін пайдалануды жалғастыру үшін бөлімшеде картаны қайта шығару қажет.

    Жаңартылды 26.11.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?