Сіз Kaspi Gold-ты:
Қазақстанда тұру ықтиярхатымен (ТЫ)
кез келген Kaspi Kartomat-та немесе Kaspi.kz қосымшасында қайта шығара аласыз. Бұл тегін.
Қолданылу мерзімі аяқталған Kaspi Gold картасымен сіз:
- шот нөмірі бойынша жалақы, зейнетақы және басқа да аударымдарды ала аласыз;
- Kaspi Банкоматтар мен Kaspi Терминалдарда ЖСН және QR-код бойынша Kaspi Gold-қа ақша сала аласыз;
- Kaspi.kz-тегі Төлемдерде 10 000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлей аласыз;
- Kaspi Travel-де ұшақ және теміржол билеттерін сатып ала аласыз;
- Kaspi.kz-те кредиттерді өтей аласыз;
- Kaspi.kz қосымшасында өз шоттарыңыздың арасында, Kaspi клиенттеріне және басқа банктердің карталарына ақша аудара аласыз;
- Kaspi Банкоматтарда ЖСН немесе QR-код бойынша ақша ала аласыз;
- Kaspi Магазинде, Kaspi.kz серіктестерінде QR-код арқылы және басқа елдерде Alipay+ сервисі арқылы сатып алу ақысын төлей аласыз.
ТЫ-сыз
Kaspi.kz бөлімшесінде менеджер арқылы картаны қайта шығара аласыз. Өзіңізбен бірге шетелдік паспорттың түпнұсқасы және Қазақстанда болудың негізділігін растайтын құжаттардың бірі болуы керек:
- виза;
соның ішінде электрондық виза; - болу туралы хабарлама;
- уақытша тұруға рұқсат (УТР);
- оқу орнынан анықтама;
- аккредиттеу куәлігі;
дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және басқа да ұйымдардың қызметкерлері үшін; - еңбек қызметін жүзеге асыруға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
- Қандас куәлігі;
- ҚР-дан пана іздеуші тұлғаның куәлігі.
Ресей, Түркия, Қытай және ЭЫДҰ-ға мүше басқа елдердің азаматтары паспортын, салық нөмірін (СН/TIN) және азаматтығы бар елдегі нақты тұратын мекенжайын ұсынуы қажет. Толығырақ — ЭЫДҰ жадынамасында.
Егер Сіз АҚШ азаматы бослаңыз, FATCA жадынамасымен танысыңыз.
ТЫ жоқ шетелдіктер үшін 1 жылға арналған атаусыз пластикалық Kaspi Gold шығарылады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін картаны қайта шығару қажет.
Назар аударыңыз: егер Қазақстан бейрезиденті картаны 2025 жылғы 19 қаңтарда немесе одан кейін шығарса, Kaspi Gold 1 жыл қолданылады.
Жаңартылды 09.11.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайта шығару