Kaspi Gold-ты Kaspi.kz қосымшасында қайта шығара аласыз. Бұл шамамен 60 секунд алады және тәулік бойы қолжетімді.
Ол үшін Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Gold → Kaspi Gold-ты қайта шығару бөліміне өтіп, фотоверификациядан өтіңіз. Жаңа деректемелер бірден дайын болады. Оларды «Ақпарат» бөліміндегі «Карта мен шот деректемелері» қойындысынан көресіз.
Қажет болса, кез келген Kaspi Картоматтан жаңа деректемелері бар пластикалық Kaspi Gold картасын тегін ала аласыз. Осыдан кейін Kaspi.kz қосымшасында шығарылған карта жұмысын тоқтатады. Егер ақылы сервистерге тіркелген болсаңыз, оларға жаңа картаны байланыстырыңыз.
Картаның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан соң қайта шығару тегін, сіздің бастамаңыз бойынша — 1 995 теңге. Kaspi Gold-тан сома бірден алынады. Ал қаражатыңыз жеткіліксіз болса, картаны келесі жолы толтырғанда алынады. Ал қаражатыңыз жеткіліксіз болса, картаны келесі жолы толтырғанда алынады.
Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold-ты тек Қазақстан Республикасының резиденттері ғана қайта шығара алады.
Жаңартылды 01.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайта шығару