Kaspi Gold-ты екі тәсілдің бірімен қайта шығара аласыз. Бұл 60 секунд алады және тәулік бойы қолжетімді.
Kaspi Картоматта
Құрылғы экранынан «Kaspi Gold алу» батырмасын басыңыз.
Kaspi.kz қосымшасында
Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Gold → Kaspi Gold-ты қайта шығару бөліміне өтіңіз. Жаңа деректемелер бірден дайын болады. Оларды «Ақпарат» бөлімінен көресіз.
Қажет болса, кез келген Kaspi Картоматтан жаңа деректемелері бар пластикалық Kaspi Gold картасын тегін ала аласыз. Осыдан кейін Kaspi.kz қосымшасында шығарылған карта жұмысын тоқтатады. Егер ақылы сервистерге тіркелген болсаңыз, оларға жаңа картаны байланыстырыңыз.
Екі жағдайда да фотоверификациядан өту керек. Қайта шығару құны — 1 995 теңге.
Нерезиденттерге Kaspi Gold картасын қайта шығару үшін Kaspi.kz бөлімшесіне жүгіну қажет.Жаңартылды 02.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайта шығару