Kaspi Gold картасының қолданылу мерзімі аяқталатын соңғы айда Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi.kz-тегі Жеке Банк сервисінде хабарлама шығады. Сондай-ақ сізге хабарлама жіберіледі.
Kaspi Gold картасының қолданылу мерзімін өзіңіз де тексере аласыз:
Картаның алдыңғы бетінде
Қолданылу мерзімі АА/ЖЖ форматында көрсетіледі. Мысалы, 10/26 картаның 2026 жылғы 31 қазанға дейін жарамды екенін білдіреді.
Kaspi.kz қосымшасында
Kaspi.kz-тегі Жеке Банк → Kaspi Gold бөліміне өтіңіз. Қолданылу мерзімін «Ақпарат» бөліміндегі «Карта мен шот деректемелері» қойындысынан көресіз.
Егер Kaspi Gold картасының қолданылу мерзімі аяқталса, оны Kaspi.kz қосымшасында немесе кез келген Kaspi Kartomat-та қайта шығарыңыз. Бұл 60 секунд алады және тәулік бойы қолжетімді. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару тегін.
Жаңартылды 02.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайта шығару