Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін:
Kaspi Gold картасын Google Pay-ге қоспадыңыз
Мұны Kaspi.kz қосымшасында жасауға болады: Менің Банкім → Kaspi Gold.
«Google Pay-ге қосу» батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Картада қаражат жеткіліксіз
Kaspi Gold картасын толықтырып, төлемді қайта жасап көріңіз.
Картаның жарамдылық мерзімі аяқталған
Картаның алдыңғы бетіндегі жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Қажет болса, Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold картасын қайта шығара аласыз.
Интернетте төлем жасау лимиті асып кеткен
Kaspi.kz қосымшасында: Менің Банкім → Kaspi Gold → Интернетте төлеу → Лимитті өзгерту бөліміне өтіңіз.
Қажетті соманы таңдап, «Қолдану» түймесін басыңыз.
Операция жасалатын ел бойынша шектеу бар
Visa төлем жүйесінің талаптарына сәйкес Замбия, Нигерия, Гана, Сьерра-Леоне және Либерия елдерінен жасалатын интернеттегі сатып алулар қабылданбауы мүмкін.
Құмар ойындардың ақысын төлеуге әрекет жасап жатырсыз
Kaspi Gold картасымен Қазақстанда ойын бизнесі саласында қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ онлайн-казинолар мен тотализаторлардың пайдасына төлем жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ заң бойынша 21 жасқа толмаған адамдардың құмар ойындарға және бәске қатысуына болмайды.
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағы
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 1-тармағы
Букмекерлік кеңселердің пайдасына төлем жасауға әрекет жасап жатырсыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талабы бойынша мұндай төлемдер қазір қолжетімсіз. Ерекшелік: Fonbet және Winline.
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 1-тармағы
Криптовалюта сатып алуға әрекет жасап жатырсыз
Егер компанияның Қазақстанда қызмет жүргізуге лицензиясы болмаса, Kaspi Gold картасымен криптовалюта сатып алуға тыйым салынған. Заң бойынша қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операцияларды тек «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясы бар компаниялар ғана жүргізе алады.
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңның 8-бабы
Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының тізіміндесіз
Құқық қорғау органдары (ІІМ) алаяқтық белгілері бар операциялар жасайды деп күдік туындаған клиенттерді осы тізімге енгізеді. Мұндай жағдайда Kaspi.kz олардың операцияларын қабылдамауға міндетті.
Сатушыдан сатып алу қолжетімсіз
Егер операция қауіпсіздік тексеруінен өтпесе, Kaspi.kz төлем жасауға шектеу қоюы мүмкін.
Егер жоғарыда көрсетілген себептердің ешқайсысы сәйкес келмесе, Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Гид-пен Чатқа жазыңыз. Біз сізге көмектесуге тырысамыз.Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Google Pay