• Иә. Google Pay — байланыссыз төлемді қабылдайтын дүкендерде Kaspi Gold-пен қауіпсіз әрі құпия түрде төлем жасауға мүмкіндік береді.
     

    Кез келген төлемді растау үшін құрылғының құлпын PIN-кодпен, графикалық кілтпен, құпиясөзбен, саусақ ізімен немесе өзге тәсілмен ашу қажет. Сондықтан сіздің растауыңызсыз төлем жасау мүмкін емес.
     

    Google Pay төлем кезінде картаның виртуалды нөмірін пайдаланады. Kaspi Gold деректері қорғалған күйде қалады, ал сатушыға тек төлемді жүргізуге қажет ақпарат қана беріледі.

    Жаңартылды 30.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?