Иә. Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында «Жеке Банк» сервисіндегі → Kaspi Gold → Әрекеттер бөлімін ашыңыз. «Kaspi Gold-қа зейнетақы алуды» басып, экрандағы қарапайым әрекеттерді орындаңыз.
Kaspi.kz зейнетақыны аудару үшін Kaspi Gold-ыңыздың реквизиттерін автоматты түрде жібереді, сондықтан сізге жаңа шоттың нөмірі көрсетілген анықтаманы ХҚКО-ға апарудың қажеті жоқ. Сіздің келесі зейнетақыңыз Kaspi Gold-қа түседі.
Kaspi Gold-қа зейнетақы аударуға өтінімнің күйін сіз Мемлекеттік қызметтер → Өтінімдерім сервисінде тексере аласыз.
Назар аударыңыз:
- Зейнетақы — жалақы, ақшасы емес, сондықтан айына банкоматтардан 300 000 теңгеден артық сома алған кезде, асып кеткен соманың 0,95%-ы мөлшерінде комиссия болады.
- Kaspi Gold — арнайы шот емес, мемлекеттік органдардың не банктердің алдындағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда оған шектеулер қойылуы мүмкін.
- Ақша зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша әр айдың 15-іне дейін түседі. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы белгілейді.
Егер сізде әлі Kaspi Gold картасы болмаса, Kaspi.kz мобильді қосымшасында тіркеліңіз не авторизациядан өтіп, карта ресімдеңіз.
Картаны онлайн ресімдегеннен кейін оны кез келген Kaspi Картоматтан өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кете аласыз. Ұялы телефоныңыз ғана қажет. Сіз бірден атаулы Kaspi Gold картасын аласыз.