Kaspi Gold — Kaspi.kz ұсынатын ең үздік карта.
Сіз дүкендерде, интернетте зат сатып ала аласыз, сондай-ақ бүкіл әлемдегі кез келген банкоматтан, ақша ала аласыз.
Kaspi Gold-ты Kaspi.kz мобильді қосымшасында оңай онлайн ресімдеп, картаны кез келген Kaspi Картоматта алуға болады.
Картаға кез келген Kaspi Терминалда және Kaspi Банкоматта әрдайым комиссиясыз, ақша салуға болады.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында өз шоттарыңыз арасында, Kaspi-дің басқа клиенттеріне, Қазақстандағы басқа банктердің карталарына жедел, ақша аударуға болады, сондай-ақ халықаралық аударымдар қолжетімді.
Kaspi Gold-пен сіз Kaspi QR бойынша сатып алған заттың ақысын төлеп, бонус жинайсыз. Жұмсалған соманың 0,15%-ы әрдайым бонус түрінде есептеледі. Kaspi Бонус бағдарламасының науқандары бойынша сатып алған кезде көтеріңкі бонус аласыз. Жиналған бонусты «Төлемдер» сервисінде қызмет, ақысын төлеуге, серіктестерден Kaspi QR бойынша сатып алуға және Kaspi.kz-те жұмсауға болады.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында коммуналдық қызмет, мобильді телефон мен басқа да 10 000-нан астам қызмет, ақысын Kaspi Gold-пен комиссиясыз ыңғайлы төлеуге болады.
Kaspi Gold бойынша жүргізілген әр операция мен бонустың есептелгені туралы хабарламаларды тегін «Хабарлама» сервисінен аласыз. Интернетте сатып алу мен аударымдардың қосымша қауіпсіздігін 3D Secure технологиясы қамтамасыз етеді.
Kaspi Gold-пен, ақша салу немесе несиені төлеу үшін Kaspi.kz бөлімшесіне келудің қажеті жоқ. Енді осының барлығын және тағы басқасын мобильді қосымшадағы «Жеке Банк» сервисінде жасауға болады.